«Періште тәрізді, нәзік мінезді»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің хаттарын жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 шілде, 2024
- 1.3k
Әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің бұрын жазған хаттарын жариялап, өткен күндерін еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Хаттың 2002 жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жазылғанын байқауға болады. Заманбек Нұрқаділов қызы Мерейге тілек айтқан.
«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, аса қымбатты да қадірлі қызымыз Мерей! Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті де бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар мамаң – Мақпал, папаң – Заманбек», - деп жазылған хатта.
Ал екінші хатты сүйікті жарына арнаған.
«Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, ең сүйкімді де сүйікті қызым Мерейдің ең сұлу, ең көркем мамасы Жануля! Періште тәрізді, нәзік мінезді, тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік. Өзіңізді пәк сүйетін, азды-көпті жұмсақ аялайтын, Құдай қосқан жарыңыз Закуша», – деп жазған Заманбек Нұрқаділов.