«Жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр»: Тараздан табылған «мауглилер»
Жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан ана мен 2 баласын еріктілер тапқан.
Таразда еріктілер тобы жер кепеде ел көзінен таса өмір сүріп жатқан маугли отбасын тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жазды. Журналистің айтуынша, 78 жастағы кейуана мен екі ұлының ұлының психикалық ауытқуы бар.
«Бүгін желіде жаға ұстатқан жаңалық осы болды. Жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан ана мен 2 баласын еріктілер тапқан. 78 жастағы кейуананың аяғы құрттап кеткен, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр. Ал, 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық дейді еріктілер», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.