Мәдениет

«Он бес құрсақ көтерген асыл ана»: Жеңіс Ысқақова немересін бесікке салу рәсімін өткізді

Әнші немересінің 83 жастағы әжесімен бірге ән салды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова немересін бесікке салып, құдағиымен бірге ән шырқады, деп хабарлайды тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Немересінің бесігін он бес құрсақ көтерген құдағиы өзі алып келген. 

"Айлинтайдың нағашы әжесі, он бес құрсақ көтерген асыл ана шөбересінің бесігін өзі алып келді. Осындай бақыт баршаңызға жұғысты болсын! Құдағиымның 83 жастағы анасымен ән салып отырмыз" - деп жазған ол.