Қоғам

«Менің атым – Астана»: қанша қазақстандыққа Астана есімі берілгені анықталды

Сонымен қатар, 40 қазақстандыққа Бәйтерек есімі берілген.

Қазақстанда Астана есімі берілген 24 адам тұрады. Ал 40 адамның аты – Бәйтерек екені анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Бюроның мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Өткен жылы елімізде осындай есіммен 26 адам тіркелсе, оның 9-ы 1998 жылға дейінгі туылғандар екен. Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше елорда болып қабылданған күні 2 ұл балаға Астана есімі берілген. 5 қазақстандық Астана, 6 адам Нұрастана, тағы үшеуі Астаналық есімді алып жүр.

Сонымен қатар, 40 қазақстандыққа Бәйтерек есімі берілген.

Биыл қаланың жаңа мәртебеге ие болғанына 26 жыл толады.