Алматыны су басу қаупі бар
Өзен-көл су деңгейінің көтерілуі күтіледі
Толассыз жауған жаңбырдан Алматына су басу қаупі бар. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 05-07 шілде аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында еңіс ағынының қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің Жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.