Қоғам

Алматы облысында жанармай бекетіндегі адам өлімі: полиция түсініктеме берді

Есік қаласындағы жанармай құю станциясының аумағында көлік жүргізушілері сөзге келіп қалған

Алматы облысында жанармай бекетінде кезекке таласқан жігіт жүргізушіні 12 рет пышақтап өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат 4 шілдеде әлеуметтік желілерде тарады. Есік қаласындағы жанармай құю станциясының аумағында көлік жүргізушілері сөзге келіп қалған. Нәтижесінде 1995 жылы туған адам оқиға орнында көз жұмды.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы түсініктеме берді.

«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.​​