«Мені бірінші ұрды»: Қайрат Нұртас сотта оқиғаның неден шыққанын айтып берді
Іс бойынша Қайрат Нұртас та кінәсін мойындады.
Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі онлайн режимде қарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпаратт агенттігі.
Жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншінің досы екені белгілі болды. Сотқа заңды өкілдері ретінде анасы Гүлзира Дүйсенқызы мен інісі Аян Нұртас қатысты.
Бірінші бап бойынша жәбірленуші шағым бергеннен кейін, бітімгершілікке келу туралы өтінім берген. Іс бойынша Қайрат Нұртас та кінәсін мойындады.
"Мені 4-і күніне тойға шақырды. Мен тойға барудан бас тарттым. Балағат сөздер айттым. Артынша, ұшақта кездесіп қалған кезде, мені бірінші ұрды. Менде қарап тұрмай, оны да бір-екі рет ұрып жібердім. Бұл кінәмді толықтай мойындаймын», - деді Қайрат Нұртас.
Гүлзира Айдарбекова достар арасында мұндай жағдайлар болып тұратынын және оны жұртқа жария қылудың реті жоқ екенін айтты.