Алматы облысында 23 жастағы жігіт өз әкесін балтамен ұрып өлтірді
Оның невропсихиатрда есепте тұрғаны анықталды
Алматы облысы Береке ауылында ұлы 48 жастағы әкесін балтамен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш оқиға 3 шілде күні болған. Ол уақытта үйде екі адам болған. 23 жастағы жігіт әкесіне балта ала жүгіріп, нәтижесінде ер адам қаза тапқан.
Полицейлер күдіктіні тез арада қолға түсірді. Оның невропсихиатрда есепте тұрғаны анықталды. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балта тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айыпталушы 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.