Қайрат Нұртастың досы Бекқайыров та қамауға алынды
Алматы соты оны 10 тәулікке қамады
Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған Асылбек Бекқайыровқа қатысты шешім шығарылды.
“Сот айыпталушы Алматы-Астана рейсінің бортында белгілі әншімен төбелескен ауызша жанжал ұйымдастырғанын анықтады. Жекпе-жек барысында ол балағат сөздер айтты. Ол өзінің іс-әрекетімен қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды,” деп нақтылады сотта.
Ол өз кінәсін мойындамады.
Сот оны 10 тәулікке қамауға алды.
Айта кетейік, отырыс барысында Асылбек Беккайров Қайрат Нұртастан кешірім сұрады. Ол сондай-ақ онымен 2005 жылдан бері таныс екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақта бүлік шығарып, қамауға алынған еді. Оған екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайталап жасалған ұсақ бұзақылық - хаттама толтырылған.
Сот отырысында Қайрат Нұртас өзінің кінәсін мойындады, бірақ төбелесті өзі бастамағанын айтып, өзінің жәбірленуші екенін мәлімдеді.
Сот әнші Қайрат Нұртасты кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау жазасын тағайындады.
Бұл бап бойынша 15-30 тәулік бойынша қамауға алу қарастырылған, бірақ Қайрат Нұртас өз кінәсін мойындағандықтан, ең төменгі жаза тағайындалған. Қайрат Нұртас жаза уақытын қысқартуды сұрады. Бірақ судья бұған дейін айыппұл тағайныдалғанын, оны дауламағандықтан, осы бапта қраастырылған іс-әрекетті қайталап отырғанын ескертті.