Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында балаларына алимент төлемеген әкелер қамауға алынды

Атырау облысында балаларына алимент төлемеген әкелер қамауға алынды
Сурет: m24.ru
Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді

Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды. Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған. 

«Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінен алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Құқық бұзған борышкердің әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды», -деп хабарлады аудандық соттан. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар