Тоқаев Әзербайжанға барды
Саммит Шуша қаласында өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Тоқаевты Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.
Саммит Шуша қаласында өтеді. Ол жерде бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.