Мәдениет

“Менің орныма Қайрат кетті”: Тұрсынбек Қабатов түрмеден шыға сала концерт берді

Тұрсынбек Қабатов басынан өткен жағдайды көрерменге әзіл арқылы жеткізді

Бес тәулікке қамалған әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Бұл туралы әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында мәлімдеді. Концерттен үзінді видео салған. 

“Көрерменге деген құрметі қандай десейші! Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс! Айтпақшы, айта кетейінші, сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселеніп келе берсін», - деп жазды ол. 

Тұрсынбек Қабатов басынан өткен жағдайды әзілге айналдырып, көрерменді күлкіге қарқ қылған. 

“Осы концертке өте мұқият дайындалдым. Бес күн дайындалдым. Арнайы, телефон, бәрін өшіріп тастадым. Ешқайда шықпай дайындалдым. Бүгін енді Қайрат кетті, барып концертіне дайындалады», - деді Тұрсынбек Қабатов. 

Айта кетсек, Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде стюардессалардың қызметіне көңілі толмайтынын айтып, бейәдеп сөздер қолданған. Оған қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды деген айып тағылып, 5 тәулікке қамалған болатын.