Қоғам

Алматы вокзалының басшысы билеттерді заңсыз сатқаны үшін қызметінен кетті

Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан

ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан", - деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

"Вокзал бастығы А.Б. тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.