Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Хайуандар көбейді”: Мейрамбек Беспаев қамаудағы Қайрат Нұртасқа қолдауын білдірді

“Хайуандар көбейді”: Мейрамбек Беспаев қамаудағы Қайрат Нұртасқа қолдауын білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден
Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады

Әнші Мейрамбек Беспаев күні кеше қамауға алынған Қайрат Нұртасқа қолдау білдіріп, ақылын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы әнші жеке парақшасында жазып, өнердегі інісіне қолдауын білдірді.

“Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайыңда жүргендерді сұрыптап қарашы.  Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті”, - деп жазды Мейрамбек Беспаев. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар