Мәдениет

Дәулеткерей Кәпұлы: Бекболат пен Мұхамеджан айтыскерлерді бөліп, айтыс дінді уағыздауға арналды

Ол айтыстың "уахаббизм мен сәләфизмді насихаттау құралы болғанын" айтты.

Айтыскер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы ADAL Adam Youtube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды  KYN.KZ  тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Дәулеткерей Кәпұлы қазақ тілі, діни ахуал, айтыс төңірегіндегі дау-дамай, көкпар спортының қаупі, қаламгерлерге жасалған жағдай туралы әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар Жүрсін Ерман бастаған айтыскер ақындар ақындар тобының арасынан жік шығып, Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектің "біраз ақындарды бөліп алғанын" айтты:

Бекболат пен Тілеухан біраз ақындарды бөліп алды. Қазір Жүрсін Ерманның айтысына қатыспайтын ақындар шықты. Өйткені, "Алтын домбыраны" өткізгеннен кейін Жүрсін Ерманды сахнаға шақырып, иығына шапан жауып, "болды, осымен тоқта" деген әңгіме шығарғандарын да халық біледі. Мұның бәрі беті ашылған дүние. Уахаббизм мен сәләфизмді насихаттау үшін айтыс үлкен құрал болатын, - деді Дәулеткерей Кәпұлы.