Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүгін еліміздің бірқатар облысында күн ысиды

Бүгін еліміздің бірқатар облысында күн ысиды
Сурет: dzen.ru
Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Синоптиктер 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл тұрады, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.  Желдің күшеюі күтіледі, орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Ұлытау облысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар