Қоғам

«Бетінде тыртық қалады»: Қарағандыда 4 жасар қызды ит талады

Қыздың анасы иттің иесін жауапқа тарту туралы өтініш жазбады

Қарағандыда 4 жасар қызды ит талап тастады. Кішкентай қыздың бет-аузын тістеп алған, KYN.KZ деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

«Патриот» басылымының жазуынша, қыздың бетін сегіз жерден тіккен. Иттің иесі баланы анасымен бірге ауруханаға жеткізген.

Оқиға ойын алаңына жақын маңда болған. Иесі ағашқа байлап қойған итті бала сипамақ болған.

«Енді қыздың бетінде тыртық қалады. Иттің иесі қыз жануарға өзі келгенін, ата-анасынсыз жалғыз жүргенін айтып, жауапкершілік алмайтынын жеткізді. Балалар ойын алаңында да ересектермен жүруі керек пе? Ал иттің тұмсығына неге ештеңе тақпаған?», — дейді қыздың туыстары.

Кейін полиция ит иесіне айыппұл салды.

«Қыздың анасы иттің иесін жауапқа тарту туралы өтініш жазбады. Материалды қарап, оған әкімшілік жаза тағайындалды. Оған 36 920 теңге айыппұл салынды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.