Мәдениет

«Ұлдармен жүруде де терапия бар»: Жұлдыз Әбдікәрімова Испанияға аттанды

Жақында ғана басы ауырып, емделіп жүрген актриса саяхаттауға шетелге шыққан

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Испанияға кетті. Ол Барселонаға жолға шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Ұлдармен жеке жүруде де терапия бар. Жүрекке бальзам ғой", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Ол ұлдарымен бірге саяхаттауға кеткен.