Мәдениет

«Баланы қазірден жаман үйретіп»: Мадина Сәдуақасова 10 жасқа толған ұлына көлік сыйлады

Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын

Әнші Мадина Сәдуақасова мектепте оқитын ұлына туған күніне орай салоннан су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ол ұлына темір тұлпардың кілтін табыстап, оған берген алғашқы үлкен сыйлығы екенін айтты. Олардың таңдауы 2024 жылғы Lexus RX350 автокөлігіне түскен.

"Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа 2024 жылғы. Ойлап қалмаңыз өзі рульге отырады деп, мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құтты болсын, жаңа көлік. Туған күн жалғасуда. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын", - деп жазды Сәдуақасова.

Алайда желі қолданушылары кәмелет жасқа толмаған балаға көлік сыйлауды құп көрмей, сыни пікірлер жаза бастаған. Ал кейбіреулері болса, ақ тілектерін жаудырды.