Қазақстанның белгілі кинокартиналарда түскен Айбек Жебеген қатерлі ісік ауруына шалдыққан.
Қауіпті дертке шалдыққан жеткіншектің қазіргі салмағы бар-жоғы 24-ақ келі деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KYN.KZ.
Небәрі он жасында джаздан түрлі халықаралық фестивальдерде Қазақстанның жалауын желбірткен жеткіншек қазір тіпті, далаға шығудан қалған. Кез-келген жұқпа, әлсіз ағзасына ауыр соққы болмақ. Сол үшін де бетін тұмшалап жүреді.
Айбектің бұл жайы, әсіресе, әкесіне ауыр тиген. Ұрпағының жалғасы жалғыз ұлы ауырсынған сайын ол да жанын қоярға жер таппай жүр.
Бастапқыда дәрігерлер жасөспірімге асқазаны ауырады деп ем-дом жасаған. Алайда дерті асқына берген. Сөйтсе, қатерлі ісік бұлшық етінен анықталыпты.
Айбек Жебегеннің ата-анасы бұған дейін де қайырымды жандардан көмек сұраған болатын. Ол қаражат күрделі емді бастауға жетіпті. Енді кореялық дәрігерлер оны әрі қарай жалғастыру үшін отбасынан тағы да қаржы сұратыпты.
"Кореядан құдай қаласа баламыз жазылып келсе деп армандаймыз. Соны құдайдан да, сіздерден де сұраймыз", - дейді Айбектің анасы Венера Оңалбаева.
Айбекке көмек қолын созам деген жандар үшін:
Каспи Голд: 5169493110574277
ИИН: 770214402431
Киви-кошелек: +7 707 720 71 60
Венера Оңалбаева
Келесі мақала