Спорт

Бибісара Асаубаева Бакуде өткен жарыста бірінші орынға ие болды

Биыл ұйымдастырылған "Баку Опен - 2024" жарысының жалпы есебінде Бибісара 19-орыннан көрінді.

Әзербайжан елінің астанасы Бакуде ұйымдастырылған халықаралық турнирде шахматтан Бибісара Асаубаева бірінші орын алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл ұйымдастырылған "Баку Опен - 2024" жарысының жалпы есебінде Бибісара 19-орыннан көрінді. Ал өз категориясы бойынша әйелдер арасында бірінші орын алды. 

Жарыстың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын (23 миллион теңге шамасы) құрайды. Бибісара біріншы орын үшін 1,5 мың доллар (720 мың теңге) еншілейді.