Қазақстанда ең қымбат пәтер қай қалада екені белгілі болды
Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен
Қазақстан қалаларында пәтерлер қанша тұратыны жайында Krisha.kz сайты жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныстың орташа бағасы - 7 миллион теңгеден 42.5 миллион теңгеге дейін. Ең арзан тұрғын үй - Қызылордада, ең қымбат тұрғын үй - Алматыда.
Пәтерлердің орташа бағасы:
Krisha.kz аналитикалық қызметі мәліметінше, орташа баға динамикасы жыл басынан бері тұрақты. Қаңтардан маусымға дейін 10 қалада пәтер арзандаған:
- Қызылордада: -3 пайыз;
- Семейде: -1,9 пайыз;
- Шымкент, Қарағандыда: -1,7 пайыздан;
- Алматы: -1,3 пайыз;
- Атырау: -1,2 пайыз.
- Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында – 1 пайыз мөлшерінде.
Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен, ең көбі Петропавлда (+4.7 пайыз), Ақтауда (+3.1 пайыз), Орал қаласында (+1.9 пайыз). Астанада бағалар өзгерген жоқ.