Қоғам

«Оқтаумен ұрды»: Зейнеткер өзін келіні бірнеше рет ұрғанын айтты

Ешкімім жоқ далада қалып қалған соң келдім

5 жылдан бері қарттар үйінде тұратын 74 жастағы зейнеткер өзін келіні ұрғанын айтып, мұңын шақты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Qazaq Airan YouTube арнасына сілтеме жасап. 

«Ешкімім жоқ далада қалып қалған соң келдім. Туған жалғыз ұлымды бауырым алып алған. Бірақ өзі мойындамайды. Шешем марқұм «сен баға алмайсың» деген соң бергенмін», - дейді қарттар үйіндегі Қайша Қапкенова.

Қарттың айтуынша, келіні оны оқтаумен ұрған.

"Келінім бір-екі рет ұрған мені. Бірінші оқтаумен ұрды. Кейін тәпішкесімен ұрды. Қазір жалғыз немерем бар. Өзімнен айнымайды. Екеуміз араласатынбыз. Ол "Апаны қуып жібердіңдер" деп әке-шешесімен ұрысып қалған. Содан кейін сыныптасымен Германияға кетіп қалды. 8 жыл болды. Сол жерде тұрады", - дейді кейуана.