Мәдениет

«Мақтану»: Меруерт Түсіпбаева 10 жасар ұлына көлік сатып әперген Мадина Сәдуақасованы сынады

Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күніне салоннан көлік әпергенін әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен болатын.

Әнші Меруерт Түсіпбаева мектепте оқитын ұлына көлік сыйлаған Мәдина Сәдуақасованы сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күніне салоннан көлік әпергенін әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен болатын. Меруерт Түсіпбаева әріптесінің бұл қылығы үшін ұялатынын жазып, оны сынады.

"Мен 20 жастағы ұлыма қымбат көлік сыйлаған кезімде ол екі ай бойы ұялып, көлікті топтастары "көрмесін" деп университеттің ауласына кірмей, көлігін тығып жүріпті. Көлікті бір көше аулақ қойып, "мама, әлеуметтік желіге салмашы" дегенде мен қатты қуандым! Шүкір дедім! Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда, Мәдинаның мына тірлігі ұят. Асыра сілтеу. Мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Плебейшілдік. Сөзім жоқ", - деп жазды ол.