«Жеке өмір бізде қашықтан болды»: Айкерім Есенәлі өткені туралы әңгімеледі
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2024
- 742
Тележүргізуші Айкерім Есенәлі өткен өмірі туралы сөз қозғады. Ол бұрынғы күйеуімен қалай отбасы құрғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол «Көзқарас» подкасында айтты. Оның пікірінше, жігіт пен қыздың алыстан қарым-қатынас құруы дұрыс емес.
"Әнуар - Алматыда, мен Астанада болдым. Біз алыстан кездесіп жүрдік. Осы жерде айтайын, алыстағы қарым-қатынас – ол қарым-қатынас емес. Маған кейде қыздар "ол ана жақта, мен мына жақта, ол мені қатты жақсы көреді, түнде жеттің ба деп хабарласып тұрады" деп айтады. Ол қамқорлық емес. Бұлай адамды тани алмайсыз. Мен енді соқыр болып күйеуге тидім демеймін. Бірақ бәрібір де алыстан қарым-қатынас - қарым-қатынас емес. Ол жерде тек романтика болады. Тек жақсы жағы, тек сағынысу, көрісу болады. Ал күйеуге шығатын адамыңды сен жан-жақты, 360 градусқа танып шығу керексің. Дағдарыста өзін қалай ұстайды, қаржылық сауаттылығы қандай, агрессиясы қандай, жанжалдан қалай шығады? Осының бәрін көру үшін ол сенің жаныңда жүру керек. Қажет болса, көлігіне отырып алып азаннан кешке дейін жүр. Тану керек. Жақсы көру керек. Жеке өмір бізде осылай қашықтан болды. Ол кезде менің жұмысым дамып жатқан уақыт. Көлікті үлкейтіп, Дубайға барып жүрген кезім. Сондықтан осылай жүру маған да ыңғайлы болды. Сөйтіп жүріп үйлендік қой. Сосын келін болған кезде «уһ» деп қалдым", - деді ол.