Астанада ер адам қоғамдық көлік жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашты
Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болған
Астанада қоғамдық көлік жүргізушісіне ер адам бұрышты газ шашты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Көлік жүргізушісі жолда автобустың алдына шығып кеткен. Артынша қоғамдық көлік жүргізушінің бетіне бұрышты газ шашты.
Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болған.
«Автобус пен «Kia» маркілі көлік жүргізушісінің арасындағы жанжал күндіз Қалдаяқов көшесінде болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып қоғамдық көліктің алдына шығып кеткен. Артынан көліктен шығып, автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашып, бой тасалап үлгерген», - делінген полиция хабарламада.
Іздестіру жұмыстарының барысында «Kia» маркілі көліктің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік тұраққа қойылды. Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.