Қоғам

"Көзімнің қарасын" шырқаған шетелдік қария қазақ туристерін таңғалдырды (ВИДЕО)

Отандастарымыз шетелдікке таңғалып, оған алғысын білдірді.

Мальтада шетелдік музыкант ұлы Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Аталмыш видеоны отандық танымал блогер Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Бейнежазбада егде жастағы музыкант көшеде өтіп бара жатқан туристерден қай жерден екенін сұрайды. Қазақстандық екенін білгеннен кейін олардың құрметіне ұлы ақын Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындайды.

Отандастарымыз шетелдікке таңғалып, оған алғысын білдірді.