«Таңым атпай, кешім де батпай»: Гүлзира Айдарбекова ұйықтай алмай жүргенін айтып, шерін тарқатты
Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе, Алла сонысымен қатты сынайды екен
Продюсер Гүлзира Айдарбекова таңның атпай, күннің батпай жүргенін айтып, өзінің уайымымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы продюсер өзінің желідегі парақшасында жазды. Ол ұлы Қайрат Нұртас 15 күнге қамауға алынғалы бері ұйқысы қашқанын жеткізді.
«Әшейінде күндер зулап өтіп бара жатыр деп ренжуші едім, кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой ештеңе етпес, сіздерде жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді, ия, ия бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айрылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Ия тәуба, ең бастысы балам аман!», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Ол ұлының тілеуін тілеп жатқан аналарға ақыл-кеңесін берді.
«Ер азамат қой, тағдырына көнеді, шыдайды, өзі әндеріне қосып айтқандай Шыда жүрек! Тілеуін тілеп отырған барша аналарға айтарым: Ой Алла-ай сіздерге жазып отырып көзімнің жасынан бұлдырап көрінбей кеткен қателерімді сан түзедім-ау. Жүрегіме Алланы салып, бір Аллаға тапсырдым ұлымды, десем де жүрек шіркін беріліп кете береді екен ғой, ана жүрек деп бекер айтпаса керек. Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!», - деді ол.
Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова бір кездері Бибігүл Төлегенованың Қайратты сынап, сағын сындырғанын есіне алды.
«2- ші видеодағы “Ана” әнінде ютубтан толық нұсқасын байқасаңыздар сахнадағы лейтта Бибігүл анамыздың суреті. Тура сол кезде апамыз Қайрат жер деп біраз сағын сындырып еді. Бір разы болғаным ұлыма, қоя беріңіздерші қарттық қой ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар ол кісіге де арнаймын деді, көмекшілерім ұлымның сыртынан -жаным ау неткен қарапайымдылық, осы көркем мінезінің арқасында әлі орнын жоғалтпай Алланың қалауында болып келеді ғой әпке деп көздеріне жас алып еді. Адамдар соңғы кезде кекшіл, өсекшіл болып барады, ел болып түзелеміз ба десек күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе?»,- деді продюсер.