Ақтөбеде 22 жастағы келіншек өзін жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болған ер адамды пышақтап тастады
Сотта айыпталушы өзін жыныстық қатынасқа түсуге үгіттемек болған ер адамға 8 рет пышақ сұққанын мойындады
Ақтөбелік келіншек жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болған ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Диапазон сайтына сілтеме жасап.
22 жастағы қыз құрбысының пәтерінде ішімдік ішкен. Әңгімелесу барысында ер адам қызға жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей бастаған.
Ол зорлық таныта бастағанда әйел кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып алған. Нәтижесінде ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түседі. Ал әйел болса, қамауға алынды.
Сотта айыпталушы өзін жыныстық қатынасқа түсуге үгіттеген ер адамға 8 рет пышақ сұққанын мойындады. Ол қарсылық көрсетуді тоқтатқан кезде полиция мен жедел жәрдем шақырған. Сотта жәбірленуші әзіл ретінде оның тізесіне қол тигізгенін, бірақ оның жыныстық қатынасқа түсуді ұсынбағанын алға тартты. Сондай-ақ, мас болғандықтан өзіне шабуыл жасағанын есіне түсіре алмаған. Сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрап, оны кешіретінін айтты.
Сот барлық мән-жайды ескеріп, сотталушыны 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жаза түрі жұмыстан кейін үйде болуы керек және оған осы кезеңде барлық ойын-сауық мекемелеріне тыйым салынады. Сот бұл талаптар бұзылса, жаза бас бостандығынан айырумен ауыстырылатынын ескертті.