Мәдениет

«Бренд заттар сатып алмаймын»: Айгерім Сейфолла ерекше баласы үшін көп нәрседен бас тартқанын айтты

Тойға, қонаққа беталды бармаймын

Белгілі тележурналист Айгерім Сейфолла тойға бармайтынын және бренд заттар сатып алмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. Ол науқас баласын емдетуге көп қаражат жұмсайтынын және сол үшін кейбір нәрселерден бас тартатынын жеткізді.

«Мен ерекше баламды қатарға қосу үшін бар ақшамды, күш-жігерімді, мейірімімді төгіп жүрген анамын. Тойға, қонаққа беталды бармаймын, бренд заттар сатып алмаймын, ысырапқа жол жоқ. Ешкімге жамандық тілемеймін. Проблема айтпаймын. Өтініш, маған тек жақсы нәрселер айтыңыздаршы»,-деп жазды журналист.

Айта кетсек, жақында тележүргізуші өзі бірнеше жыл жұмыс істеген телеарнадан біржолата кеткенін айтқан болатын.