Бұршақ жауып, дауыл тұрады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады
«Қазгидромет» 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр. Өткінші жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақытта гөсер жаңбыр жауады.
"Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С-қа дейін, солтүстік-батыста +20+30°С-қа дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С-қа дейін жоғарылайды. Қалған аумақта өзгеріс болмайды.