Қоғам

Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, темекі тағы да қымбаттайды

15 шілдеде "Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы" өзгертілген бұйрық күшіне енеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

"Мынадай ең төменгі бөлшек бағалар қолданылатын болады: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 теңге", – делінген хабарламада.