Ермұрат Бәпиді шұғыл Еуропаға алып кетті
Ол жақында ғана өзін «улаған болуы мүмкін» екенін хабарлаған болатын
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпиді шұғыл түрде Еуропаға алып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Чемодан госсекретов» телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ол жақында ғана өзін «улаған болуы мүмкін» екенін хабарлаған болатын.
Телеграмм арнасының ақпараты бойынша, депутат дәрігерлік тексеруден өту үшін Еуропаға аттанған. Өйткені диагнозы әлі анықталмаған. Сондай-ақ «улану» туралы күмән әлі де бар көрінеді.
Еске салсақ, ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ауырып қалғанын және диагнозы анықталмай жатқанын жазған болатын.