“Мектепте білім беруге құқы бар ма?”: Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты дерекпен бөлісті
Журналист Жәнібекті шетелдікке сатып жіберген адам мектепте жұмыс істейтінін айтты
Журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасына қатысты ақпарат айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан «адамның» мектепте білім беруге құқы бар ма? Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне кірмей ме екен? Президент «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына қол қойды», — деп жазды ол өзінің парақшасында.