Қоғам

“Қимылы ширақ”: Маңғыстауда әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қойды

Фельдшерлер тиісті мекен-жайға жетіп, жүкті әйелдің жағдайын қарап-тексеріп, перзентханаға апармақ болған

Маңғыстаулық фельдшерлер аяғы ауыр әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып, ана мен баланы аман алып қалды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығы жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Адырна» сайтына сілтеме жасап.

8 шілдеде Мұнайлы ауданы Батыр ауылынан жүкті әйелден шақырту түскен. Фельдшерлер тиісті мекен-жайға жетіп, жүкті әйелдің жағдайын қарап-тексеріп, перзентханаға апармақ болған. Бірақ нәресте перзентхананы күтпей, жолда жедел жәрдем көлігінде дүниеге келген.

“Жүктіліктің 37-аптасындағы әйелді Батыр-Ақтау тас жолында облыстық перзентханаға жедел жәрдем көлігімен әкеле жатқанбыз. Кенеттен жүкті ананың толғағы жиіледі. Әйелді босандырып, сәбидің аман-есен дүниеге келуіне көмектестік. Жедел жәрдем фельдшерлері босанудың кез келген кезеңіне тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дер кезінде ана мен сәбидің амандығы үшін күш саламыз. Себебі бізге әр минут маңызды саналады. Дүниеге келген сәбидің дауысы қарқынды, тері жамылғысы қызғылт, қимылы ширақ, рефлексі сақталған”,— деді деді Мұнайлы жедел жәрдем бөлімшесінің фельдшері Күнсия Бекназарова.

Көлікте дүниеге келген сәбидің салмағы – 3 200 келі, бойы – 52 см.

Айта кетейік, фельдшерлер кіндігін кескен сәби бүгінгі күні облыстық Ана мен бала орталығында анасымен бірге қадағалауда. Мамандар ана мен баланың жағдайы жақсы деп бағаланды.