Айгүл Орынбек : Әйтеновтың бүкіл дүние мүлкі тексерілуін талап етемін
Заңгер кеше ғана дүйім жұрттың көзінше әйел мен балаларды жылатқан Марат Әйтеновке шүйлікті.
Марат Әйтенов кеше Астанада бұрынғы әйелі мен үш баласын тұрып жатқан баспанасынан сүйреп шығарып тастаған. Бұл туралы Дана Әтешованың өзі желідегі парақшасында жазды және болған оқиғадан видео жүктеді. Видеода үйден шығарылған қыз баланың мұрны қанап, ұл бала шырқырап жылайды. Ал жүзін жасыруға тырысөан ер адам Дана Әтешованы полиция, құтқарушылар мен сот орындаушылардың көзңнше аяғынан сүйреп, шашынан тартқылап далаға шығарып тастаған.
Заңгер Айгүл Орынбек президентке Марат Әйтеновтың қатыгез әрекетін көрсетуді сұраған. Мұнымен қоймай Марат Әйтеновтың бүкіл дүние мүлкі қайдан келгенін тексеруді талап еткен.
Әтешованың айтуынша, үй заңды түрде Мусалимов Арсенге рәсімделген, алайда жылжымайтын мүлік Әйтеновке тиесілі. Видеода ер адам Әтешованың шашынан сүйреп, оны үйінен күштеп шығарып жібергені көрсетілген. Жапа шегуші бұл адамның Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов екенін айтады.
Дана Әтешова бұрынғы жұбайын ата-ана құқығынан айыруға ниетті екенін айтты.
"Ең өкініштісі, ол полицияның алдында зорлық-зомбылық жасады. Олардың мені қорғамағаны қатты ренжітті! Мен Әйтеновті ата-ана құқынан айыру туралы өтініш жасағым келеді, - деп жазды ол.
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы Дана Әтешова өзінің бұрынғы күйеуінен, яғни Марат Әйтеновтен бұған дейін де бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген болатын.
2023 жылдың 17 сәуірінде әйел елордадағы Жоғарғы сотқа қарсы пикет ұйымдастырды. Астана қаласының Есіл аудандық соты әйелді және оның үш баласын көшіру туралы шешім шығарғаны және әкесін заң бойынша алимент төлеуге міндеттелмегені белгілі болды.
Әтешова мұндай әділетсіздік бұрынғы күйеуінің ықпалды шенеунікпен қарым-қатынасына байланысты деп болжайды.