Қоғам

“Енді қатындар құтырсын”: ер адамды ұрып жатқан әйелді көпшілік қолдады (ВИДЕО)

Біреулері кінә еркектен деп әйелді жақтаса, енді бірі еркекке қол көтеруді дұрыс санамаған

Ер адамды әйелдің шелекпен ұрып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан әйелінің күйеуін соққының астына алғанын көруге болады. Артынан кішкентай бүлліршін келіп, таяқ жеген ер адамға аянышты қарайды.

Желі қолданушылары бұған қатысты неше түрлі пікір жазған. Біреулері кінә еркектен деп әйелді жақтаса, енді бірі еркекке қол көтеруді дұрыс санамаған. 

Аталмыш видеоның қайда түсірілгені белгісіз.