Қырғызстанда тағы да сел жүріп, төрт адам жоғалып кетті
Лай ағыны үйлерді, аулаларды, көшелерді басып қалды
Қырғызстанда Ош облысы мен Ош қаласында тағы да сел жүрді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24kg басылымына сілтеме жасап.
Қатты селдің салдарынан төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қалада төтенше жағдай жарияланды.
Ведомствоның мәліметінше, сағат 14.00 шамасында жауған жаңбыр салдарынан Толойкон ауылы мен Озгур ауылындағы "Бөрүбай-Ата" демалыс орталығында сел болған. Оқиға орнына 46 құтқарушы жеткізіліп, 420 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Ош облысында табиғи апат Қара-Суу ауданының Асан-Чек және Манас ауылдарында тіркелді. Лай ағыны үйлерді, аулаларды, көшелерді басып қалды. «Ош-Гүлча-Еркештам» жолы уақытша жабылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің жергілікті департаменттері мен азаматтық қорғау қызметтері дабыл жариялады.