Қоғам

“Жиіркенішті”: қызға қырыңдаған орта жастағы кісі видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Дүкенші қыз ер адамды бейнежазбаға түсіріп алған

Орта жастағы ер адам дүкенші қызды үйіне шақырып, ақша ұсынған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Дүкенші қыз ер адамды бейнежазбаға түсіріп алған. Ол жерде үлкен кісі жас қызды үйіне шақырып, оған ақша ұсынған.

“Келесің ба үйіме? Үлкен сумма ақша беремін. Ешкімнен ақша сұра ма? Ешкімге ештеңе деме, мақұл ма? Мен сені жақсы көремін, сол үшін беремін”, - дейді ер адам.

Желі қолданушылары "жиіркенішті. Қалай сұрақ қойып тұр", "кәпір шал", "масқара мынау педофил ғой" деген пікірлер жазған.