Спорт

Шавкат Рахмонов бапкеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бапкері Баян Жанғаловқа су жаңа көлік сыйлағанын хабарлады.

Бұл жөнінде спортшы өзінің ресми Инстаграм парақшасында жазды.

"Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауды Алла нәсіп етті", - деп жазды қазақстандық файтер.

Рахмонов өз сұхбаттарында негізгі жетістіктеріне осы бапкерімен қыруар еңбектің арқасында жеткенін үнемі айтып жүреді.