Басты жаңалықтар
Алматы облысында суға батып кеткен баланы құтқарған жігіт марапатталды
- автор kyn.kz
- 15 шілде, 2024
- 560
Осыған дейін Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков ерлік жасаған Серікжан Ботанға алғыс хатпен, сыйлыққа соңғы нұсқасындағы Ipad-ты табыс еткен еді.
Алматы облысында Үлкен Алматы каналына батып бара жатқан баланы құтқарған ер адам марапатталды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов бейбіт заманымыздың батырына алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Керемет тәрбие беріп, осындай елжанды, намысшыл нағыз батырды өсірген ата-анасына ерекше атап өткім келеді. Себебі, бөтен біреудің өмірін құтқару үшін өз-өзіне қауіп төндіру — әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл ең үлкен құрметке лайық, — деді Б. Әленов.
Айта кетейік, 10 шілде күні Алматы облысында 28 жастағы азамат суға батып бара жатқан баланы аман алып қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
Басты жаңалықтар
«-2 градус жылы»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025