Калейдоскоп

АҚШ полициясы әйеліне пышақ сұққан өзбекстандықты атып өлтірді

4 баланың әкесі ашуға мініп, полиция бұйрығына бағынбаған.

Полиция қызметкерлері әйелі мен күйеуінің арасындағы төбелес кезінде оқиға орнына жеткен. Полиция ер адамға әйелге тиіспей, полицияға берілуін талап еткен. Өзбекстандық әйеліне екі рет пышақ сұғып, полицияға қарай жүгірген. Сол сәтте АҚШ полициясы ер адамды атып тастады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

46 жастағы өзбекстандық ұрыс кезінде әйелінің ішіне  кемі 2 рет пышақты сұғып алған. Полицияға төбелес шығарғандардың көршісі хабарласады. Оқиға орнына жеткен 4 полицией қолындағы 30 см шығатын пышақты тастау бұйрығына бағынбаған адамды екі полицей оқ жаудырып, атып тастаған. Ер адамға кемі төрт оқ тиген. 

Әйелдің ағасы ерлі-зайыптының 4 баласы барын, олардың арасындағы жанжал 1 айдан бері болып жүргенін айтқан. Әйел қазір ауруханада. Олардың ортақ 4 баласы болған. Ер адам жұмыссыз, үйде жатқан екен. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, ауруханада қайтыс болды.