"Біздің ауданның ең сұлу қыз еді": көпшілік жарын мақтаған Алтынай Жорабаеваның әкесіне сүйсінді (ВИДЕО)
Жорабаева: менің байлықтарым...
Алтынай Жорабаева ата-анасын табиғат аясында биге шақырып, видео түсірген. Онда әнші анасы мен әкесін қазіргі хит "Көк жигули" әніне билетеді. Әкесі болса өз сүйіктісі жайлы естелігін есіне алып "Менің кемпіріме күлесіңдер. Бұл сол ауданның ең сұлуы еді ғой" дейді.
Желі қолданушылары әншінің ата-анасына сүйсініп, олардың арасындағы махаббат пен сыйластыққа тәнті болды.
"Менің байлықтарым, Аллаға шүкір", - деп жазған Жорабаеваның өзі.