“Айқай шығарудың не қажеті бар?”: Алуа Қонарова Әйтеновтің әйелін сөкті
Бұл жерде жасырын фактілер бар
Продюсер Алуа Қонарова әйелі мен балаларын үйден күшпен шығарған Марат Әйтеновтің әйелін кінәлап, оның жасағаны дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында бөлісті.
“Намыс болу керек қой. Еркек басқаға кетіп қалды. Енді айқай шығарудың не қажеті бар? Үндемей ғана жаңа үйге көшіп, жұмыс істеп, балаларыңның және өзіңнің эмоционалды саулығыңды сақтағаның дұрыс. Бұл әрекеті арқылы өзін төмендетіп отыр. Мен бұл іске араласқым келмеді. Себебі қазір өзімнің де проблемам жетеді, оған қоса жұмысым бар. Алайда құрбым мен оның балалары үшін өз пікірімді білдірейін дедім”, - деп жазды продюсер.
Сондай-ақ, Алуа Қонарова Дананың балалары арқылы қорғануын дұрыс еместігін атап өтті.
“Әлеуметтік желіде бәрі балаларлың әкесін айыптауда. Бұл жерде жасырын фактілер бар. Зерттей келе бәрі түсінікті болды. Менің Әйтеновте шаруам жоқ. Тек балалар үшін алаңдаймын”, – деді Алуа Қонарова.