Мәдениет

“Әбдіжаппарды ұстағанда қасында болдым”: әншінің досы сол күн туралы айтты

Бұл жайт жүрегіме батады

Белгілі асаба Руслан Ысқақ досы Әбдіжаппар Әлқожаны полицейлер алып кеткенде қасында болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Руслан Ысқақ сол сәтте провокациялық әрекеттер туындағанын және бұл нәрсе досы үшін үлкен сабақ болғанын жеткізді. Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұқбатында әңгімеледі. 

"Әбдіжаппар досыма қатты жанып ашып, қынжыламын. Бұл жайт жүрегіме батады. Бүгін туған күнімде Әбдіжаппарымның қасымда болмай тұрғаны көңіліме қаяу түсіріп тұр. Бір бауырымсыз қалғандай болып тұрмын. Алла жеңілдігін берсін. Әбдіжаппарды ұстағанда қасында болдым. Негізі провокациялық әрекеттер арасында болды. Оның артын қазбалап айтқым келмейді. Біреулерге жеккөрінішті боламыз. Жабулы қазанның беті жабулы қалсын. Алла сабыр берсін. Өзіне сабақ болды. Енді кімнің кім екенін, қоғамда қалай жүру керек екенін білетін болады. Шыққаннан кейін өзіміз де дос ретінде ақыл-кеңестерімізді айтамыз. Әбдіжаппар қазақтың ақкөңіл тұлғасы, мықты өнерпазы. Әбдіжаппарды қатты жақсы көреміз. Қазақтың қожасының қарғысына қалмау керек еді", - деді той жүргізушісі.