Әйтеновтің бұрынғы әйеліне қарсы қылмыстық іс қозғалды
Ол экс-әйелінің тарапынан дене жарақаттарын алғанына шағымданды
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы, "Самұрық Қазынаның" экс-директоры Марат Әйтеновтің бұрынғы әйеліне қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Астана полициясы мәлімдеді.
“Астана ПД-ға азамат Ә. атынан арыз түсті. Ол экс-әйелінің тарапынан дене жарақаттарын алғанына шағымданды. Аталған фактілерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды, зақымданудың бар-жоғын және дәрежесін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалды, сондай-ақ барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.