“Сен үшін идеал екенмін!": Дана Нұржігіт өзінің мінсіз еместігін айтты
Осы сәттер бізді бір-бірімізге жақындата түседі, көрген-түйгенін айтып, жолда не болғанын, қандай адамдармен кездесіп, не туралы әңгімелескенін баяндап жатыр
Белгілі журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің мінсіз еместігін айтып, ұлына арнап жантебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желісінде бөлісті. Ол демалыстан келген ұлының өсіп қалғанын жеткізді.
"Мен мінсіз емеспін, бірақ мен сен үшін идеал екенмін. Әлім бір аптадай жол жүріп келді. Қатонның сұлулығын айтып, ауызының суы құрып отыр. Туризмді дамыту туралы да ой келіпті. Маған әкелген сыйлығына мен мәзбін. Қарағайдың иісі аңқыған кішкентай қобдиша, Алтай балы мен магнит-кәдесый. Бала есейіп қалғандай. Жатарда көп әңгімелестік. Осы сәттер бізді бір-бірімізге жақындата түседі, көрген-түйгенін айтып, жолда не болғанын, қандай адамдармен кездесіп, не туралы әңгімелескенін баяндап жатыр. Мен естімеген жер, су атауларын тізбектеп, Берелдің тарихын құлағына құйып алған екен. Маңдайын иіскеп: “Ал, енді жатайық балам…" - деп жатсам,
"Мам, бір нәрсе айтайыншы: мен сізді қатты жақсы көремін. Қатты сағындым. Сіз мен үшін идеалсыз!" - деді ұлым. Ал, осыдан кейін "болмасаң да, ұқсап бақ!" - дедім өзіме", - деп жазды журналист.