Бұршақ жауып, жел күшейеді: алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамы
17-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Алдағы үш тәулікте Республиканың басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпара агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашынды күн райына еліміздің көп өңірінің циклонның ықпалында болуы әсер етеді.
16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 17-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін ысиды.