Қоғам

Алматы полициясы жаңа туған баласын қоқысқа тастаған әйелді іздеп жатыр

Әйел нәрестені қоқыс қабына салып, көшедегі жәшікке тастап кеткен.

Шақалақты пакетке орап, қоқысқа лақтыра салған. Алматыда полицейлер жаңа туған нәрестесін тастап кеткен тасжүрек ананы іздеп жатыр.

Өлі сәбиді тұрмыстық қалдықты сұрыптаумен айналысатын кешен жұмысшылары тауып алған. Пакетке оралған шақалақты көре сала, бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Green Recycle серіктестігінің басшылары бүгін бізге жауап беруге құлық танытпады.

Тергеу құпиясын желеу етіп отыр. Ал полицейлер туа сала тастап кеткен безбүйрек ананың жеке басын анықтап жатқанын жеткізді.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және де басқа да мән-жәйы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды", —  деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.