Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылорда облысында ұлының оқу ақысын кәсіпкерлерге қинап төлеткен шенеунік ұсталды

Қызылорда облысында ұлының оқу ақысын кәсіпкерлерге қинап төлеткен шенеунік ұсталды
Forbes.kz/Дінмұхамед Әбсаттаров
Іс прокурорға жіберілді.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ  тілшісі.

«Ол ұлының оқуына ақы төлеу қажеттілігі және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді. Сонымен қатар шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген күдік бар», – делінген агенттіктің хабарламасында.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді.

Тергеу мүддесіне сай, өзге ақпарат жария етілмейді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар